Наш девиз:

(не указан)
2 строки
или в 3 строки...

Время работы

пн.-пт. 09:00-19:00
Сб., Вс. - выходной

(не указан)

г. (не указан)

Семей полигоны жайлы ақпарат

        «Семей қасіретінің» соңғы тарауы «Адасулар, өтірік және ақиқат», – деп аталған. Бұл тарау атомдық жарылыстардың ел мен жерге тежеусіз жасаған мың жылдық зобалаңын ашып көрсетеді. Деректі жанрға қаламы төселген М.Сәрсеке (Медеу аға академиктер Қ.Сәтбаев, Е.Бөкетов және тарихшы Е.Бекмаханов туралы ғұмырнама кітаптардың авторы) шер мен мұңға толы, ел тарихының аса қиын кезеңін сипаттай келе, «Семей қасіреті» жайлы өзгеше бір жайттарды баяндайды. Зиялы қауымның, әсіресе, ғылым иелерінің – яғни дәрігерлер мен ел басшыларының Ертіс өңіріндегі ядролық полигон таратқан аса қатерлі физикалық зиянды бөлшектер мен бүлдірулерді қалай анықтағанын, қандай әрекетпен шұғылданғанын нақты айғақ, жазбаша ғылыми деректермен талдауға көп көңіл бөледі. Мысалы, 1989-1991 жылдардағы күрес кезінде өзін ел мүддесін қорғаушы, полигон таратқан зиянды бөлшектерді тұңғыш анықтаушымын деп жариялаған, алты орденнің иегері, академик Сайым Балмұхановтың 1961 жылғы Мәскеуде өткен үш күндік ғылыми конференцияда ел мүддесін сатқан зиянкестігі осы тарауда нақты айғақтармен әшкереленді. Жалғыз ол ғана емес, осы ғұмырнамада есімдері аталған кейбір күрескерлердің шешуші сәтте ел мүддесіне қарсы шығып, азаматтық ой-пікірлерінен айныған күйкі жайттары да нақты айғақтармен сөз болады. Қысқасы, М.Сәрсекенің 15 тараудан тұратын шерлі оқиғалармен өрілген деректі кітабы – оқырманды бей-жай қалдырмайды. Өкінесің, лағнет айтасың, сөйте тұра, ел мүддесін қорғап, әскери кешеннің генерал-лейтенант, маршал бастықтарымен айқасқа түскен ат төбеліндей ер-азаматтардың есімдерін, ерліктерін танып, ерекше сүйсінесің.

Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
Реклама:
Создать сайт бесплатно
 
Пожаловаться на сайт